Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясында кадрлық ауыс-түйіс жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясында кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды KYN.KZ Ақорданың сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.
Басқа өкімдермен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.
Расул Ахметов – DATÜB бүкіләлемдік ахыска түріктері қауымдастығы президентінің сыртқы саясат және халықарлық қатынастар жөніндегі көмекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Дмитрий Останькович – "Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің Астана қаласындағы филиалының басшысы. Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық кеңесінің мүшесі.
Еске салайық, Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІV сессиясы 23-24 сәуірде Астанада өтеді.