«Ақтау өңірінің қызы»: Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы қашан өтетіні белгілі болды
Екі жақ та тамыз айында үлкен тойды жоспарлап жатқан көрінеді
«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас мәлімдеді.
“Мен Айнұрға сөз салатын кезде достарымды да шақырдым. Әділет екеуміз бала кезден доспыз. Ол да қызын ертіп әкелді. Сол кезде видеоға түсіп қалған. Tik Tok-тан ештеңені жасыра алмайды екенсің. Өздері де көріп, шок болып жатыр. Қыз бен жігіт болып араласқандарына көп уақыт болмағасын да жариялауға асықпаған сияқты. Ақтау өңірінің қызы, 2005 жылы туған”, – деді Олжас Еспанов журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында.
Айтуынша, екі жастың ата-аналары ресми түрде әлі таныспаған. Алайда екі жақ та тамыз айында үлкен тойды жоспарлап жатқан көрінеді.
Еске салсақ, Сәкен Майғазиев ұлының үйленуін әлеуметтік желіден естігенін айтқан болатын.