Мәдениет

Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров заңды неке куәліктерін көрсетті

Желі қолданушылары екі жасты құттықтап, тілектерін жазды

Жанар Айжанованың анасы Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров заңды неке куәліктерін көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Олар жағымды жаңалықтарын жеке парақшасында бөлісті. 

«Жаңа қадамның басы. Жаңа тарихты жазамыз», – деп жазды Айжұлдыз. 

Еске салсақ, осыған дейін блогерлер мешітке некелерін қиған еді. Сәкен Қағаров сүйіктісіне Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді. 

Әнші Жанар Айжанова жаңа өмірге қадам басқан екі жасқа өз батасын берді.

“Қос қарғам, махаббаттарың баянды болсын! Бір жастықта қартайып, үбірлі-шүбірлі болыңдар! Осы күнге жетуді аналарың қалай армандады?! Сабақты ине сәтімен екен. Кесірлі жандардың кесапатынан сақтай гөр! Шашыңның бұйрасынан айналайын, Сәкенім! Назарыммен бірге сен де дұғамдасың! Қызымның арқа сүйер азаматысың! Ортамызға қош келдің, балам”, – деп жазды әнші.