Басты жаңалықтар

«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің біраз бөлігінде жауын-шашын болады

Синоптиктер 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасады. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде күн суытады, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Елдің солтүстігінде тәулік ішінде ауа температурасы −6…+6 °С аралығында болады. Қостанай облысында +19 градусқа дейін жылы болады.

Орталық аймақтарда термометр бағаны −4…+17 °С аралығында тербеледі.

Оңтүстікте ауа температурасы +5…+22 °С шамасында сақталады.

Шығыс өңірлерде −6…+3°С аралығында суық болады.

Батыс Қазақстанда +8…+25 °С аралығында жылы ауа райы күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт жүреді, түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашынсыз. Қалада ауа температурасы тәулік бойы +3…+21 °С болады.