Басты жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тоқаев еліміздегі барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтап, хат жазды.

“Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор”, – деді президент. 

Ол пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақыратынын айтты.

“Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін. Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!”, – деді ел басшысы.