Қоғам

Павлодарда ер адам әйелі мен 15 жастағы қызын ұрып, полицейді пышақтаған

Жарақат алған полиция қызметкеріне дереу медициналық көмек көрсетілді

Павлодарлық әйелін ұрып, полиция қызметкері пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға 19 сәуір күні таңғы сағат 6:30-да болды. «102» нөміріне 15 жастағы қыз қоңырау шалып, әкесінің анасын ұрып жатқанын жылап хабарлаған. Шақырту орнына бірден полиция наряды – капитан Алмаз Жәкіпов пен лейтенант Төлеген аттанды», — делінген хабарламада.

Мектеп оқушысы әкесінің өзін де ұрып, кейін анасына қол көтергенін айтты.

«Полиция қызметкерлері пәтерге көтеріліп, 40 жастағы мас ер адамды ұстауға тырысқан. Алайда ол тәртіпке көнбей, қарсылық көрсетіп, капитан Жәкіповті білегінен пышақпен жаралаған. Соған қарамастан, тәртіп сақшылары күдіктіні залалсыздандырып, ұстауға қол жеткізді. Жарақат алған полиция қызметкеріне дереу медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне қауіп жоқ», — деді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, отбасылық зорлық-зомбылық пен қызметтік тұлғаға шабуыл жасау баптары бойынша тергеу жүргізіп жатыр.