Қоғам

47 жастағы әйел өз күйеубаласынан жүкті болып қалды

Болашақ күйеуі мен шешесінің арасындағы байланысты қызы Ділек байқап қойған

Түркияның Қайсери қаласында әйел күйеубаласынан жүкті болып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға Түркияны дүр сілкіндірген жағдай болды. 21 жастағы Жұма Доға сөз байласқан сүйіктісінің 47 жастағы анасы Есра Еролмен көңіл жарастырған.

Кейбір тұрғындар Есра мен Жұманың жақында сәбилі болатынын айтуда.

Болашақ күйеуі мен шешесінің арасындағы байланысты қызы Ділек байқап қойған. Сөйтіп бойжеткен Түркиядағы шулы бағдарламаға хабарласып, көмек сұраған.

“Қос ғашық” бәрін тастап қашпақ болған. 21 жасар жігіт пен 47 жастағы әйелдің айтуынша, олар бір-біріне ғашық болып қалған.

Қыздың анасы күйеубаласын сүйіп қалғанын және онымен бірнеше айдан бері көңіл қосып жүргенін айтты.

Екеуі некелесу үшін жоспар құрып қойған. Алайда Түркия заңы мұндай сүйіспеншілікке, махаббатқа қарсы. Әйелді күйеубаласымен бірге студияда отырған жерінен полиция тұтқындап алып кетті.