Шымкенттік оқушы шетелдік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды
Шымкенттегі №41 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Алина Есенгелдиева шетелдік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды. Бұл туралы Шымкент әкімдігіне сілтеме жасаған KYN.KZ хабарлайды.
Алина Есенгелдиева АҚШ, Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алған.
"Мен еңбек нарығында сұранысқа ие биомедициналық инженер мамандығын таңдадым. Кейбір университеттер сұқбат өткізді. Бұл да — іріктеудің бір бөлігі. Алғашқы нәтижелер наурыз айында белгілі болды", - дейді Алина Есенгелдиева.
Алина шақырту алған университеттер тізімі: Iowa University, College of the Atlantic, American University, University of Massachusetts Amherst, Loyola Marymount University, University of the Pacific, Michigan Tech, Clarkson University, Heriot-Watt University Dubai (Ұлыбритания университеті, Дубай кампусы), Clemson University.