Басты жаңалықтар

Алматыда жартылай марафон кезінде екі адам көз жұмды: министр талап күшейтілетінін айтты

Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыдағы жартылай марафон кезінде көз жұмған марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы министр өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ербол Мырзабосынов мұндай шараларға талап күшейтілетінін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс. Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды. Қаза болған азаматтардың жақындарына көңіл айтамын!" - деп жазды Ербол Мырзабосынов.