Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

21 жылдық тәжірибесі бар: Қызылордада мектеп мұғалімі әйелін соққыға жықты

21 жылдық тәжірибесі бар: Қызылордада мектеп мұғалімі әйелін соққыға жықты
Сурет: ulysmedia.kz
42 жастағы әйел ауруханаға ауыр жағдайда түскен

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауылдардың бірінде мектеп мұғалімі әйелін соққыға жығып, оған балта ала жүгірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ер адам әйелін өлтірмек болды деген күдікке ілініп, ұсталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Ер адам 21 жылдық тәжірибесі бар биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 

Күдікті адам өлтіруге оқталғаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

“Тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды. Іс департамент басшылығының бақылауында”, – деп мәлімдеді Қызылорда облысы полиция департаменті. 

Шиелі аудандық ауруханасы 42 жастағы әйелдің 19 сәуір күні ауыр жағдайда ауруханаға түскенін  мәлімдейді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 

“Дәрігерлердің қойған диагнозы бойынша, науқас басынан соққы алған, бірнеше сүйектері сынған. Сондай-ақ басқа да жарақаттары бар. Науқасқа ота жасау үшін облыстық орталықтан аудандық ауруханаға травматолог пен нейрохирургтер келді. Әйелдің жағдайы қазір тұрақты болғанымен, дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр. Қазір науқасқа тиісті ем-шаралар жүргізіліп жатыр”, – деді баспасөз қызметі. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар