Қоғам

Қауіпті ойын ойнаған: Ақтауда 7-сынып оқушысы есінен танып қалды (ВИДЕО)

Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілген

Әлеуметтік желіде мектеп дәретханасында оқушы қыздардың қауіпті ойын ойнаған видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға Ақтау қаласындағы 18 сәуір күні Ақтау қаласындағы №33 жалпы білім беретін мектепте орын алған. 7-сынып оқушылары қауіпті ойын ойнап, оқушы қыз есінен танып құлаған.

Видеодан үш қыз бір қызды қабырғаға тақап, итеріп тұрғанын көруге болады.  Артынша оқушы қыз есінен танып, құлап түседі. 

«Оқиғаға қатысы бар барлық оқушылар туралы Ақтау қалалық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторына хабарланып, жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілді», - дейді білім бөлімінің өкілдері.