«Құдайдың берген көріпкелдігі бар»: Атхамбек Юлдашев экс-министр Бишімбаевқа қатысты айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:22
- 129

қатысты пікір білдірді. Оның отбасын қайдан танитынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші “Уақыт көрсетеді”бағдарламасында әңгімеледі. Оған журналист “Қуандық Бишімбаев министр болып тұрғанда сізге келіп, жолын аштырғаны рас па?” деген сұрақ қойған.
”Жоқ, бұл — жәй әңгіме, өсек. Бірақ, оның әке-шешесі біздің көршілеріміз болған. Сол жағынан танимын, бірақ араласпағанбыз. Амандасып тұрамыз, олар той жасағанда біз барғанбыз. Адамдардың өтірік сөзіне ермеңіздер. Нығматуллиндермен де байланыстырып қойыпты. Ол да өтірік ақпарат”, — деп жауап берді әнші.
Алайда өнер иесі өзінің көріпкелділік қасиеті барын айта кетті.
“Мен халыққа жақсылық істедім, жетім-жесірлердің басынан сипадым, мектептерге ақшалай көмек бердім. Халыққа жақсылығымды аямағаным үшін елдің батасымен “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері” атағын алдым. Мен қазақтардың ішінде өстім. Сонымен мақтанамын. Мен үшін қазақтардай кең халық жоқ. Әке-шешем тапқаныңды арқалап кетпейсің. Халыққа берсең, батамен сенің жолың болады деп үйреткен. Ата-бабаларымыз арабтардан тараған, қожа руынанмын. Анам — өзбек, әкем жақтан әжемнің анасы индиялық болған. Менің анамда бала сүйе алмаған әйелдерге себепші болатын қасиет болған. Анам да тапқанын көршілерге бөліп беретін. Сол қасиеттің бір шеті маған келіп қонған. Адамдардың ішкі дүниесін біліп қоямын. Құдайдың берген көріпкелдігі бар. Іштегі ниетті көріп, адамдардың ойын оқи аламын”, — деді әнші.