“Денсаулықпен сыналып жүр”: Қарақат Әбілдина Қыдырәлінің сырқаттанып қалғанын айтты
Қазір медицинаның дамыған заманында барлық сырқаттың емі бар
Белгілі әнші Қарақат Әбілдина жары Қыдырәлінің сырқаттанып қалғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші журналист Әйгерім Сейфолланың “Сырласу”бағдарламасында сұхбат берді.
“Қыдыкеңнің денсаулығы сыр бергені жасырын емес. 2-3 жылдан бері денсаулықпен сыналып жүр. Былтыр Германияға барып, емделіп келді. Отбасымызға қатысты дүние болғандықтан, бүге-шүгесіне дейін айтпай-ақ қояйын. Қазір медицинаның дамыған заманында барлық сырқаттың емі бар. Жақсы дәрігерлерден ем алды. Дер кезінде медициналық көмек көрсетті”, – деді әнші.
Сондай-ақ Қарақат Әбілдина пандемия кезінде күйзеліске түскенін айтты.
“Пандемия кезінде анам дүниеден өтті. Екі айдан кейін қызымды дүниеге әкелдім. Бәріміз үйде болдық. Сол кезде қатты күйзеліске түскенім бар. Ондай жағдай өмірімде бірінші рет болған. Содан менің күйімді көріп, Қыдыкең Түркияға алып кетті. Ішкі-мұң мен көз жасымды теңізге тастап келейінші деп бардым. Ол жақта біраз тұрдық. Ауыр мұңнан арылғандай күй кештім”, – деді мәдениет қайраткері.