Қоғам

Қазақстанда алдағы күндері үсік жүреді

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы мүмкін

Синоптиктер елімізде алдағы күндері ел аумағында күн суытып, үсік жүруі ықтимал екенін айтуда, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі   Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Кейбір өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, түнде солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын түседі.

Тек Ақтөбе, Қызылорда облыстарында антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, 22, 24 сәуірде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында -3 градусқа дейін күн суытып, үсік жүруі ықтимал.

22 сәуірде Қарағанды облысында -1 градусқа дейін, 22, 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында -1...-8 градусқа дейін, 24 сәуірде Ақмола, Қостанай облыстарында -1...-3 градусқа дейін күн суытады деп күтіліп отыр.