Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жұмыстан шығарғанына өкпе-реніші болған»: Сырымбек Тау Руслан Берденовті атқан күдікті туралы айтты

«Жұмыстан шығарғанына өкпе-реніші болған»: Сырымбек Тау Руслан Берденовті атқан күдікті туралы айтты
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Руслан Берденов әрі қарай дәрігерлердің бақылауында болады

Белгілі кәсіпкер, Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау досы Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты. Ол күдікті ер адамның не себепті ондай әрекетке барғанын түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Русланның жағдайы өте жақсы деуге болады. Сауығып келе жатыр, есін жинады. Ота сәтті өтті.

Ең алдымен, ақ халатты абзал жандар – дәрігерлерге алғысымыз шексіз екенін айтқым келеді. Қазақстандағы білікті дәрігерлердің арқасында ота сәтті аяқталды.  Руслан әрі қарай дәрігерлердің бақылауында болады.

Жалған ақпараттар мен қауесеттер өте көп тарап жатыр. Бұл жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймын. Осыны таратып жатқан аға-әпкелерге айтарым. Ағайын, бәріміз бір қазақпыз ғой! Жалған ақпарат таратпайық. Бұл әркімнің басында болатын дүние. Сондықтан әркім жалған ақпарат таратпай, құзырлы органдар берген ақпаратын таратса деймін», - деді ол.

Сонымен қатар кәсіпкер көпшшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге және оны таратпауға шақырды.

«Досы ретінде, жан-жақтан келген ағайындары ретінде бәріміз жиналып, осы аурухананың алдындамыз. Бәріміздің де тілеуіміз бір. Сіздер де қалын сұрап, мазасыздана күтіп отырсыздар.

Ағайын, береке-бірлікте болайық! Иә, күдікті ұсталды, қазір тергеу жүріп жатыр. Жалған ақпараттардың таралып жатқанын күдіктінің әйелі де айтып отыр: “Мен оны көрген емеспін, танымаймын, білмеймін” деп жатыр.

Сол адамды жұмыстан шығарғанына байланысты ішінде өкпе-реніші болған. Күдіктінің ондай әрекетке не үшін барғанын құзырлы органдар анықтап, сіздерге нақты ақпарат береді» – деді Сырымбек Тау.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар