Қоғам

Желіде Қостанай облысында шенеуніктің балағат сөздер айтқан видеосы тарады

Қазіргі кезде қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр

Әлеуметтік желіде Қостанай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің басшысының балағат сөздер айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға Қостанай қаласының орталық стадионында орын алған. 

Видеода Қостанай облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасындағы бөлімдердің бірінің басшысы Алмас Әбілдиннің стадион күзетшісімен дауласып жатқаны көрінеді.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өз телеграм каналында жазды. Ол қазіргі кезде қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Бейнеде шын мәнінде Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері бар. Жағдай матч аяқталғаннан кейін, жеке уақытта болған. Қызметтік тексеру жүргізіледі. Қорытындысы бойынша, барлық тараптың іс-әрекеттеріне баға беріледі. Мемлекеттік қызметкерлер қандай уақытта болсын өздерінің мінез-құлқына жауап береді", – делінген материалда.