«Еркекті үйретіп керек емес»: Ерке Есмахан қыз-келіншектерге ер адамнан қалай сыйлық алуға болатынын үйретті
Ол еркектердің өтірік сылтау айтатынын және олардың қолынан бәрі келетінін түсіндірді
Әнші Ерке Есмахан оқырманының сұрағына жауап беріп, ер адамнан сыйлық алудың жолын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ерке Есмахан Instagram желісінде сұрақ-жауап айдарында жазды. Әншіден желі қолданушыларының бірі сыйлық беруді күйеуіне қалай үйретуге болатынын сұраған.
"Қыздар, расын айтқанда, еркекті үйретіп керек емес. Олар бәрін өздері-ақ біледі табиғаттан. Нені қалай жасау керегін.
Қолымнан келмейді, гүл сыйлай алмаймын, мен ондай еркек емеспін, ақшам жоқ деген нәрсе өтірік.
Сондықтан жарты жолға келгенде, үйт-бүйт дей алмайсыз-ау. Фокусты өзіңізге бұрыңыз, өзіңіз өсіңіз. Жақсы көрген адам темпіңізге ілеседі", - деп жазды Ерке Есмахан.