Қоғам

«Бұл қызға не істерімді де білмеймін»: адвокат Ләззат Ахатова Әнару Құрманәліге қатысты ақпарат жариялады

Айтқаны болмаса терезеден секіремін, үйден кетіп қаламын деп шешесінің жүйкесін тоздырған

Белгілі адвокат Ләззат Ахатова композитор Қалдыбек Құрманәлінің өзіне қызы Әнару туралы жазған жазбаларын  жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Құқық қорғаушы желідегі парақшасына Әнару Құрманәлінің әкесінің жазғандарын бөлісті.

“Мен кеше қызыммен қырылып қалдым. Әбден қанымды ішті. Түнімен ұйықтай алмай шықтым. Сөйтіп ауырып қалдым. Жаңа ғана басымды көтердім. Мен бұл қызға не істерімді де білмеймін. Бұл ауру емес. Кішкентайынан мінезі сондай. Айтқаны болмаса терезеден секіремін, үйден кетіп қаламын деп шешесінің жүйкесін тоздырған. Мынау шешесінің момындығын біліп алып, білгенін істеген. Кім жылы сөйлесе, алдымен соған еркелеп, соңынан есіре бастайды. Менің екі қарындасым да, туған ағамыздың қызы деп талай мәрте еркелігіне көнген болатын. Қазір араласпайды. Сенің де адам аяғыш, балажан екеніңді біліп алып, мазалап жатыр”, – деп жазған композитор. 

Еске салсақ, адвокат бірнеше күн бұрын Әнару Құрманәлінің әрекеттерінен шаршағанын жазған болатын.

Бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Бірақ спортшы ақпаратты жоққа шығарды.