Мәдениет
Блогер Daricorn желідегі видеосына қатысты әкімшілік жауапқа тартылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 сәуір, 2025
- 611
Алматы қалалық полициясы заңбұзушылық бар әрбір бейне, хайп жасау әрекеттері қатаң құқықтық бағаға ие болатынын ескертеді
Танымал блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол жол ережесін бұзып, апаттық жағдай тудырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, белгілі блогер-қыздың ЖҚЕ демонстративті және өрескел бұзғаны – сигнал бермей, кенеттен қозғалыс жолағын ауыстырып, апаттық жағдай тудырған.
«Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабының 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабының 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Алматы қалалық полициясы заңбұзушылық бар әрбір бейне, хайп жасау әрекеттері қатаң құқықтық бағаға ие болатынын ескертеді.
Келесі мақала
Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне сот үкімі шықты
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
«Кішкентай қыз»: Жігер Ауыпбаевтың таңдауы өзінен 15 жас кіші қызға түсті
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 желтоқсан, 2025




