Қарағанды облысында шаруа қожалығының басшысы мен ветеринар 339 млн жымқырған
Сот олардың бірін 5 екінгісін 6 жылға соттады.
Қарағандыда облысында шаруа қожалығының басшысы мен жергілікті ветеринар дәрігер жалған мәліметтер келтіріп, 339 миллион теңге жымқырған. Сот шешімімен екеуі 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қағаз жүзінде ғана бар «Диас» шаруа қожалығы иесі мен ветеринар «сансыз сиыр бар, сауып, сүтін өңдеп отырмыз» деген құжаттар әзірлеген. Осының негізінде мелекеттен субсидия алады. Шын мәнінде тек қора‑қопсысы бар қожалықта тышқақ лақ та болмаған. Субсидия ретінде алынған қаражаттың бір бөлігіне 60 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып ет өндірісіне деп, бюджеттен тағы 9 миллион теңге субсидия алыпты. Енді олар түрмеге тоғытылып қана қоймай, мемлекетке келтірген шығынды толық қайтаруы керек. Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!