Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Стамбулда 6,2 баллдық жер сілкінісі болды

Стамбулда 6,2 баллдық жер сілкінісі болды
Сурет: aa.com.tr/ru/
Кейбір тұрғындар жер дүмпуін сезді

Түркияның Стамбул қаласында магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайд KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісі шамамен 10 секундқа созылып, қала тұрғындарын алаңдатты.

Бұл ақпаратты елдің ішкі істер министрі Али Ерликая өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

Жер сілкінісінің ошағы Стамбул провинциясының Силиври ауданында болған. Магнитудасы 6,2 балл болған жер сілкінісі жергілікті уақытпен 12:49-да тіркелген. 

"Құдай, біздің мемлекетімізді және халқымызды зілзаладан сақтасын", - деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар