Басты жаңалықтар

СІМ Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады

Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Түркияда болған жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Қазіргі таңда Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарынан Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығына ешқандай өтініш түскен жоқ. ҚР сыртқы істер министрлігі жағдайдың дамуын Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп бақылап отыр. Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген”, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Түркиядағы қазақстандықтарға сабыр сақтап, барынша сақтық таныту және жергілікті биліктің нұсқауларына құлақ асу ұсынылды.

Айта кетсек, бүгін Ыстамбұл жағалауындағы Мәрмәр теңізінде магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді.