Басты жаңалықтар

Қар жауып, үсік жүреді: синоптиктер 24 сәуірге дабылды ескерту жариялады

Синоптиктер 24 сәуір, бейсенбі күні Астана мен Қазақстанның 16 облысында дабылды ескерту жариялады.

Астанада түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 3 градус үсік жүреді. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстікте түнде 3 градус үсік жүреді. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Күндіз Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Түнде солтүстік-шығыста топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста екпіні 15-20 м/с. Солтүстікте түнде 1 градус үсік жүреді.

Күндіз Қарағанды ​​облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз оңтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз оңтүстік пен шығыста екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады, күн күркірейді, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, облыстың шығысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, орталықта – 15-20 м/с. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды.

Абай облысында найзағай ойнайды. Оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз солтүстікте, шығыста, орталықта – 15-20 м/с. Семейде күндіз найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысында күндіз батыста, оңтүстікте оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және Атырауда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, шығыста екпіні – 15-20 м/с. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Күндіз шығыста шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және Оралда найзағай ойнайды. Батыста және оңтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз шығыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, оңтүстікте екпіні – 15-20 м/с.

Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел, күндіз оңтүстікте, таулы аймақтарда екпіні – 15-20 м/с. Алматы мен Қонаевта күндіз найзағай ойнайды.

Жетісу облысында солтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Алакөл маңында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20, күндіз екпіні – 25 м/с. Талдықорғанда найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда – 15-20 м/с. Тараз қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні –15-20 м/с.