«Қаншама пазл жабылмай қалды»: Құралай Нұрқаділова ешкім білмейтін шындықпен бөлісетінін айтты (ВИДЕО)
Анамның қазасы жеке өміріміз деп ойлаған едім
Саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қызы танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова желідегі парақшасында ішкі жан сырын ақтарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол анасымен болған сәттерінің видеосын жариялаған.
«Ешкімге айтпаған кейбір жайттарды жақындарым білсе, таңқалатын болады. Мен біздің жағдайымыз туралы бірнеше жылдан бері видео түсіргім келген еді. Бірақ кейбір жағдайларды ашық түрде жеткізе алмауым мүмкін. Бұл жерде менің отбасымның, анамның, балаларым, ағам көрсетілген. Қаншама пазл жабылмай қалды. Қанша жыл солай болатыны белгісіз. Анам ақиқатты білмей бұл дүниеден өтіп кетті. Бірақ бізге бәрін айта алды. Осында бөліскен әр оқиға әкем мен анамды жақсы көрген адамдардың жүрегін ауыртатын болады. Анамның қазасы жеке өміріміз деп ойлаған едім. Бірақ олай емес екен. Кейбір жаман әңгімелер айтылып жатыр», - деп жазды дизайнер.
Сондай-ақ, Құралай Нұрқаділова жылдар бойы не сезініп келгенін көрсететін видеолар жалғасын бөлісіп отыратынын айтты.