"Егер Мәскеудің бас алаңында өзбек тілінде жазу болса, онда ойлануға болады": өзбек депутаты орыс тілінде жазудың жоқтығын айтқан Лавровқа жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 сәуір, 2025
- 38

Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасының депутаты Одилжон Тожиев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Самарқандтағы Мәңгілік алау жанында орыс тіліндегі жазудың болмауына қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ресейлік саясаткерге депутат Одилжон Тожиев жауап берді. Ол шет тілін жасанды ілгерлету жаулық тудыратынын атап өтті.
“Өзбек халқы тілді міндет емес, мүмкіндік ретінде таңдайды. Шет тілін жасанды түрде алға тарту – сүйіспеншілік емес, жаулық тудырады. Егер Мәскеудің бас алаңында өзбек тілінде жазу болса, онда бұл туралы ойлануға болады”, – деп жазды депутат.
Айта кетсек, бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Самарқандтағы сапар барысында Мәңгілік алау жанында орыс тілінде жазудың жоқтығына назар аударғаны туралы жазған едік.