Мәдениет

“Мен бүгін тудым“: Ерке Есмахан қуанышты жаңалығымен бөлісті

Папаң екеуміздің үмітімізді ақта

Белгілі әнші Ерке Есмахан тұңғыш ұлын туған күнімен құттықтап, 13 жыл бұрын алғаш рет ана атанғанын жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің үлкен ұлы Мүслім мүшел жасқа келген.

«Ал мен бүгін тудым. 13 жыл бұрын дәл осы баланы тудым. Ішімдегі әлі шықпады. Жаным, балам. Туған күнің құтты болсын. Ақылды, денің сау, иманды бол. Біз сені жақсы көреміз. Папаң екеуміздің үмітімізді ақта»,- деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Райм да әйелінің тұңғыш ұлын туған күнімен құттықтады.

«Алғашқы мүшел жасың құтты болсын. Берекелі ақыл толар, қуанышқа толы болсын балам! Өміріңе дұрыс бастау болсын, біз әрдайым сенімен біргеміз, қолдаймыз, саған сенеміз!», - деп жазды Райм.