Таиланд визасыз режим мерзімін қысқартады
Елдегі визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқарту тапсырылған
Таиланд билігі шетелдік туристер үшін визасыз кіру шарттарын өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше, премьер-министр Пхетхонгтхан Чинават елдегі визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартуды тапсырған.
Мұндай шешімді қабылдауына кейбір шетелдіктердің ережелерді бұзып, белгіленген мерзімнен артық қалуына және заңсыз еңбекпен айналысуы себеп болған.
“Премьер-министр Пэтонгтарн Чинават визасыз кіру бағдарламасын қайта қарауды тапсырды. Өйткені кейбір шетелдіктер заңды бұзып, елде болу мерзімін асырып немесе заңсыз жұмыс істейтіні анықталды. Тиісті ведомстволар — Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Туризм және спорт министрлігі — бұл бағдарламаның салдарын зерттеп, болу мерзімін қайта қарауға тиіс”, — делінген ресми мәлімдемеде.