Қоғам

Жамбыл облысында атасынан зәбір көрген қыз өлмек болды

Келіні өз баласын құтқару үшін қайын атасының сұмдығын ашты.

Жамбыл облысында атасы 13 жастағы немересін зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды  Stan.kz сайты.

Оқиға былтыр 20 сәуірде Меркі ауылында болған.

Қыздың анасының айтуынша, қайын атасы үйге заңсыз кіріп, немересін зорламақ болған. Келесі күні әйел учаскелік полицияға хабарласқан. Дегенмен олар істің қылмыстық кодекске жатпайтынын айтып, мән бермеген. Сосын әйел e-Otinish арқылы қалалық полицияға шағым білдірген. Осылайша Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша іс қозғалған. Дегенмен қыздың денесінде жарақат болмаған соң іс тоқтатылған.

Қыз қатты психологиялық күйзеліске ұшыраған. Тамырын кесіп, бірнеше рет өз-өзіне қол салмақ болыпты. Оның үстіне қазір атасы бостандықта жүр екен. Тіпті қоқан-лоқы көрсетіп жатыр дейді әйел.