Қоғам

"Қазір басқа мектепте істейді": Семейде оқушыларды аймалаған мұғалімді директор жай ғана жұмыстан шығарған (ВИДЕО)

Мектеп мұғалімдері оның сабақ үстінде қыздарға тиіскенін видеодан көріп, дабыл қаққан

Семейде мұғалімнің ерсі қылығы әлеуметтік желіге тарап кетті. Ол оқушы қыздарды сабақ үстінде сипалаған,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы «NeMolchiKZ» қоры парақшасында жариялады.

«Мұғалім оқушы қыздың құлағын, мойнын аймалаған. Қыздар ұялып отыр. Олар өздерінің жеке шекараларын қалай қорғауды білмейді. Оның қорлап жатқаны камераға түсіп қалған. Сөйтіп мектеп чатында жазылып, шу болған. Олардың айтуынша, директор жай ғана құжаттарын алып кет деген. Ол солай мектептен шығып кетті», — деп жазды қор өкілдері.

Қазір кейбір балалар оның басқа мектепте жұмыс істейтінін жазып жатыр.