Басты жаңалықтар

Шерзат Болаттың өлімі: куәгер Нұрбекова сотта өзінің берген жауабын өзгертті

Куәгер Нұрбекованың тергеу кезінде берген жауаптары мен сотта сөйлеген сөздері сәйкес келмеді

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісі бойынша болып жатқан сот процесінде куәгер Эльмира Нұрбекова жауап беруде, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазір ол іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде өтіп жатыр.

“5 қазанда берген куәлігіңізде Абзалдың қай жерде пышақ сұққанын дәл көрсеткенсіз. Сіз мұны қайдан білдіңіз? Іс материалдарын зерделей отырып, сараптама қорытындысы тек 11 қарашада шыққанын көрдім, содан кейін ғана біз бұл туралы білдік... «Мен көрмедім, білмеймін» дейсіз, бірақ Шерзаттың денесіне пышақ дәл солай қадалғанын қайдан білдіңіз? Мұны сізге біреу айтты ма, әлде өзіңіз жауап бердіңіз бе? 5 қазанда сіз өте дәл айттыңыз”, - деп сұрады адвокат.

Нұрбекова өзінің ұсталғанын және екі күн бойы  жүздеген адамның алдында жауап бергенін, қатты абдырап, шаршағанын айтты. Ол қайғылы оқиғадан кейін есеңгіреп қалғанын алға тартып, алғашқы айғақтарынан бас тартты.

“Ұсталғаннан кейін екі күн ұйқысыз отырдық. Біз тамақ іше алмадық. Полиция бөлімінде бізден 100-ге жуық адам жауап алды. Мен олардың сұрап жатқанын түсінбедім. Мен орыс тілінде жауап бердім. Қазақшаға қалай аударылғанына мән бермедім. Үйге тезірек жету үшін олардың маған берген қағаздарының бәріне қол қойдым”, - дейді. 

Сот отырысында Нұрбекованың төбелесу кезінде Шерзаттың кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған сәтін егжей-тегжейлі сипаттайтын видео көрсетілді. Алайда, қазіргі куәлігінде ол есіне ештеңе келмейтінін және бұрынғы сөздерінен бас тартатынын айтты.

Сондай-ақ, ол өзінің алғашқы куәлігінде хаттама бойынша Шерзаттың анасы «құтқарыңдар, ұлымды өлтіріп жатыр» деп айқайлағанын айтқан. Қазір Нұрбекова өлтірілген ер адамның анасының көмекке шақырғанын естігенін, бірақ оның нақты не айтқанын білмегенін айтады.

Содан кейін прокурор "777" дүкеніне" барған кезде де жедел жәрдем шақыруға мүмкіндігіңіз болмады ма?” деп сұрақ қойды. Алайда куәгер Нұрбекова жедел жәрдемді Талғардың төмен жағынан барғаннан кейін және құрбысы екеуі оңашада болған кезде ғана шақырғысы келгенін алға тартады.

Эльмира Нұрбекова шок күйіне сілтеме жасап, кейбір сұрақтарға жауап бермегендіктен жәбірленуші тарап оны ұзақ уақыт бойы тергеді. Адвокаттар да оның жауабында сәйкессіздіктер бар екенін айтты. Сондай-ақ олар Нұрбекованың Шерзат Полатты өлтіру ісіне қатысы болуы мүмкін екенін де атап өтті.