Қоғам

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта куәгер сол түні мылтықты кімнің әкелгенін айтты

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта куәгер мылтықтың қайдан пайда болғанын айтып берді

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша куәгер Эльмира Нұрбекова сот барысында бірнеше сұраққа жауап берді. Оның ішінде қылмыс орнында қаруды кімнің қолынан көргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, мылтықты сақалды, кепка киген ер адам әкелген.

"Дүкенде ешкімді ұстамадым. Қауіп төндірген соң сыртқа шықтым. Дүкеннің қасында көлік тұрған, сол жаққа бардым. Оны ұстамадым. Мылтықты сақалды, кепка киген адам әкелді", – деді әйел.

Сонымен қатар куәгер мылтықты кімнің қолынан көргенін айтты.

"Менің түсінгенім бойынша, бұл марқұм болған баланың ағасы болатын" деді Эльмира Нұрбекова.

Қорғаушы одан "Яғни, сіздің айтқаныңыз бойынша мылтықты Ғайыпбаев әкелді ме?" деп нақтылап сұрады.

"Иә. Алдымен мен оны фотосуреттен таныдым. Кейін біз бір-бірімізді беттестіру кезінде көрдік", -  деді куәгер.