Абай Бегейдің «жаңа» шаш үлгісі жұртқа ұнап қалды
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына архивтегі суретін салып, жұртты күлкіге қарық қылды.
Жуырда шаңырақ көтерген Абай Бегей әлеуметтік желідегі парақшасына жас кезіндегі суреттерін жариялады. Аталған суреттерде әншінің шашы ұзын. «Шаш өсіру сән болған кез ғой. Шаш өсірсең, түрің кішкене әдемі болады деп ойлайтынбыз. Ұлықпан ағамыздың өсіретін шашы ғой» деп жазды әнші суреттерінің тұсына. Әншінің бұл суреттеріне түрлі пікір жазылды. Бірі ұнатпаса, екіншісі жарасатынын жарыса жазып жатты. Өзара сөз таластырып ұрысып кеткендер де болды. «Жас келіншек алып Абекең жасарып кеткен бе», «Күшті жарасады», «Жарасып тұр негізі. Батырхан Шүкенов ағаға ұқсаттым», «Шаш өсірсе не болыпты? Пайғамбарымыздың шашы иықтан түсіп тұрған. Онда тұрған не бар екен?», «Әдемі сізге өте жақсы жарасып тұр», «Ұлықпан Жолдасовтың әйелдер шаштаразына барады дегені рас па екен?», «Енді бұл жас әйел алды ғой. Жасарып, сәнденіп, жас иіске жастай болу, сай болу керек қой», Абай мырза, сіздің шариғаттан хабарыңыз бар ғой! Мұсылман еркектердің шашын өсіріп жүргені дұрыс па?», «Жас көрсетеді, сосын Лұқпан аға айтқан ғой. Келіншегің жас болған соң, қасында жас болып көрінуіңіз керек», «Әйеліңіз жас қой. Сол жасарайын деген шығарсыз» деп жазды желі қолданушылары. Автор: Kyn.kz