Саясат

Алаяқтық пен пара үшін сотталған: Атыраудың экс-әкімінің сакура тамашалап жүрген видеосы желіде жарияланды

Сырттай 17 жылға сотталған экс-әкімнің сакура тамашалап жүрген видеосы тарады

Халықаралық іздеуде жүрген Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей  Рысқалиевтің сакураны тамашалап жүрген видеосы желіде жарияланды. Ол сырттай 17 жылға сотталған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол бірнеше жылдан бері Ұлыбританияда тұрып жатыр. Осыған дейін Бергей  Рысқалиевтің Burberry дүкенінің алдында президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусинмен түскен суреті тараған болатын.

Айта кетсек, Бергей Рысқалиев 2006 жылдан 2012 жылға дейін Атырау қаласының және Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. Түрлі дау-жанжалдан кейін ол қызметінен кетті. Атап айтқанда, ол жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.