«Ішетін адам бар ма?»: құранды рэп стилінде оқыған блогер тағы да сынға қалды (ВИДЕО)
Шымкентке досымен бірге кеткен блогер бір апта бойы тойлап жүрген
Juzzeffina лақап атымен танылған блогер Жұлдыз Жауынбаева бір аптадан бері желіге кірмеген. Оқырмандарына себебін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, оны шымкенттік досы мейрамханаға шақырған.
“Мені бір апта бұрын шымкенттік досым мейрамханаға шақырды. Сол жерден шыға алмай қалдым. Негізі, бәрін құртқан – Шымкент. Әп-әдемі жүрген қызды бүлдірді. Алматыға келген досым, “Шымкентке тойға шығып бара жатырмын, кеттік” дегенде еріп жүре бердім. Біз артқа шегінбейтін адамдармыз. Бір көйлек, бір туфлиді салып алдым. Содан бір аптаға жоғалдым. Алматыға екі күнге келіп, жұмыс істедім. Бізді ешкім асырамайды. Несие деген бастан асады. Кейде несие бермей қояды. Бөліп төлеуге билет алып жүрмін. Одан кейін Түркістанға кетіп қалдым. Ол жақта да “Ішетін адам бар ма?” деп іздедім. Достар, енді мені ешқайда шақырмаңдар! Мен жұмыс істеп, ақша табуым керек”, – деді блогер.
Желі қолданушылары блогердің бұл әрекетін сынап, түрлі пікеірлер қалдырып жатыр.