Басты жаңалықтар

Тұман, жаңбыр, найзағай: 29 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қар суының қарқынды еруінен ей аймақтарды су жайлайды.

"Қазгидромет" 29 сәуірде елімізде күн райы қандай болатынын айтты. 

Шығыс Қазақстан облысында 29 сәуір - 1 мамыр аралығында жаңбыр болжамына байланысты қардың қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты кейбір аумақтарды су жайылуы мен су басуы мүмкін.

29 сәуірде Жетісу облысының батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде күндіз шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қостанайда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда күн соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

29 сәуірде түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылордада найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

29 сәуірде түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

29 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 29 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Атырау қ.: 29 сәуірде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Астанада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Петропавлда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 4-6 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

29 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі. Түркістанда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 29 сәуір түнде және таңертең тұман күтіледі.

Көкшетауда 29 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Ақмола облысының батысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Павлодар қ: 29 cәуірде батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 29 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Тараз қ.: 29 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 29 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Петропавлда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін).

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде және күндіз 5-10 градус жылыға дейін, 30 сәуірде түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Павлодар облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.

30 сәуірде түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, оңтүстігінде 3 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

29 сәуірде Маңгыстау облысында ауа температурасының түнде 5-10, облыстың батысында 1 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.