Мәдениет

Ақбота Керімбекова күйеулерімен ажырасуына не себеп болғанын алғаш рет ашып айтты

Әнші: Оларға шынымен де Алладан бақыт тілеймін.

Әнші  Ақбота Керімбекова  сәтсіз некелеріне өзінің тіршілікке бейім, біреуден көмек сұрауды білмейтін, еңбекқорлығының да әсері болды деп есептейді. Сөзінше отбасындағы қаржылай тапшылық кезінде қол қусырып немесе күйеудің тапқанын қанағат тұтып отыра алмайды. ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында әнші осының барлығы некесінің сәтсіз болуына әсер еткенін айтады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

«Ер-азаматқа өзінің міндетіңді атқар деп мүмкіндік бермедім бе? Мен әлсіз болып иілуім керек пе еді? Иілгенде де ер-азаматқа тізгінді беруім керек еді. Әйелміз ғой, аш отырса мен үйде отыра алмаймын, өзіміз жыбырлап істеп кетеміз. Кішкентайымнан өз тірлігімді өзім істеп, үйреніп қалған адаммын. Бәлкім сол кезде еркелеп отыра беру керек пе еді? Ақшаны қай жақтан болса да тап деп. Біз егемендік алып, арпалыс кезеңінде бойжеттік қой? Саудамен айналасып кеттік дегендей, осыған да шүкір, тәубә деймін. Ешкімге өкпем жоқ, аман болсын, бақытты болсын деймін. Өсіп-өнсін, Алладан тілеймін. Алладан қорыққаннан кейін, ешкімге ештеңе дей алмаймын. Ең жақсы адам кешірімді адам дейді ғой, бәрін кешірдім», — деді әнші.