Қоғам

Денсаулық сақтау министрі Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Руслан Берденовтің жағдай тұрақты екенін мәлімдеді

Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға бір аптадан астам уақыт бұрын болған еді.

"Пациент ауруханаға түскен сәтте екі хирургиялық бригада төрт сағат бойы қажетті ота жасады. Бүгінде науқастың жағдайы тұрақты, өздігінен қозғала алады, бірақ әзірге дәрігерлердің бақылауында", – деді Әлназарова.

Еске салсақ, 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимараты маңында Руслан Берденовке оқ атылған еді. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.