Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денсаулық сақтау министрлігі әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы мәлім етті

Денсаулық сақтау министрлігі әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы мәлім етті
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ербаянның қазіргі жағдайын айтты

Денсаулық сақтау министірлігі әскерде жүріп жансақтау бөліміне түскен Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ербаянның жағдайы тұрақты екенін айтты.

«Ербаян Мұхтардың жағдайын денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр. Ербаянның ата-анасымен өзім кездестім. Жағдайы тұрақты. Күні кеше Ербаянды оңалту орталығына әкесімен бірге жатқыздық», — деді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтар әскерде жүргенде басынан соққы алып, ауыр жарақаттың кесісірнен төсекке таңылған болатын. Оның еміне қазақстандықтар қаражат жинап беріп, сарбазға Түркияда ота жасалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар