«Ғашық болып қалдым»: Индира Расылхан өз бақытын кездестіргенін айтты
Индира Расылхан көпшілікке жеке өміріндегі жаңалығын жария етті
Әнші Индира Расылхан көпшілікпен жеке өміріне байланысты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі өз бақытын кездестіргенін айтып, ғашық болып қалғанын жеткізді.
«Алланың қалауымен ғашық болып қалдым. Жарияға жар салып, «не болды мына Индираға?», деп жатқан да боларсыздар. Бұл сезімді мен өмірімде сезініп көрмегендіктен, сіздерге айтпасам, ішім жарылардай сезімдемін.
Ойламаған жерден кездестік. Мұндай сезімді мен бұрын соңды сезініп көрмеген адаммын. Менің возрастымда бұл жағдай нормально ма, деп те кеше сториста сұрадым сіздерден. Барлықтарыңыз расымен де менің бақытты болғанымды қалайды екенсіздер. «Бақытты болыңыз!» «Бақытты болуға әбден лайықтысың!” деген жүрекжарды тілектеріңіз мені одан сайын бақытты етті. Мені бақытқа кенелткен бір адам бар екендігіне басында сенбеген едім. Қаншама жылдар бойы жандүниемде ондай жеңілдікті сезінген емес едім. Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын», – деп жазды әнші.