“Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызып қойған”: адвокат видеоға қатысты пікір білдірді
ЖИ арқылы жасалған видеоға қатысты адвокат өз ойын айтты
Белгілі адвокат Джохар Өтебеков жасанды интеллект арқылы актер Шәріп Серікті Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызып, видео жасағандардың үстінен жазған арызына қатысты пікір білдірді, дем хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Адвокаттың айтуынша, бұл істе қылмыс құрамы жоқ. Сол себептен контентмейкер Арман Тұрлыбековқа тегін қорғауға ниетті екенін мәлімдеді.
"Бұл түкке тұрғысыз іс. Мұнда қылмыстық құқықбұзушылық құрамы жоқ. Менің ойымша, полиция да бұл жағдайды тез түсініп, арызды қысқа мерзімде жабады. Бұл – жасанды интеллект арқылы жасалған видео екені анық. Бұл дипфейк емес, яғни біреуді алдауға тырыспайды. Барлығына бұл видеоны ЖИ жасағаны белгілі. Бұл біріншіден. Екіншіден, мәтіннің қалжың екені бәріне түсінікті. Қолданушылардың пікірлерінен мұны анық байқауға болады", – деді адвокат Джохар Өтебеков.
Айта кетсек, актер Шәріп Серік жасанды интеллект арқылы өзін Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызып, видео жасағандардың үстінен арыз жазған еді.