Қоғам

«Сантехник болып жұмыс істеген»: Атырауда жүкті әйелді өлтірген күдіктінің фотосы желіде тарады

Атыраудағы элиталы үйлердің бірінде әйелді тонап, өлтіріп кеткен күдіктінің суреті жарияланды

Атыраудағы элиталы үйлердің бірінде жүкті әйелді тонап, өлтіріп кеткен күдіктінің суреті желіде жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы атыраулық блогер Рүстем Баязиев Instagram парақшасында жазды. Оның сөзінше, күдікті қайтыс болған әйел тұрған үйде сантехник болып жұмыс істеген. Болжам бойынша, ол пәтерге кіріп, әйелді өлтіріп, мүліктерін алып кеткен.

Айта кетсек, NCOC қызметкері 46 жастағы Бибігүл Шпанованы өлтіріп кеткенін хабарлаған едік. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Мәйіті «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүкті болған.

Полиция 1987 жылы туған жігітті ұстап, «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.