Басты жаңалықтар

«Қатаң түрде ескертеміз»: Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы мұғалімдерден әлі күнге дейін ақша жиналатынын айтты (ВИДЕО)

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова жиналыста мұғалімдерден әлі күнге дейін ақша жиналатынын айтты

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова жиналыстардың бірінде мұғалімдерден әлі күнге дейін ақша жиналатынын айтып, мектеп директорларына ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ақша жинау мәселесі бойынша сұрақтар түсіп, тіпті қоңыраулар болған.

«Бізге әлеуметтік желіге көп сұрақтар түсіп отыр. Күніге әлеуметтік желіні жіті бақылап отырмын. Қаражат жинау мәселесі әкімдіктің парақшасынан да, бізге де түсіп жатыр. Бұл өте қиын жағдай. Қатаң түрде ескертеміз. Ешбір мектепте, алғашқы ұстазына, мұғалімге ешқандай қаражат жиналмау керек. Бірінші басшы өздеріңіз үлкен жауапкершілікпен жауап беретін боласыздар», - деді Сүлейменова.