Саясат

Рахат Әлиевтің анасы қайтыс болды

Нұралы Әлиев әжесі өмірден озды

Рахат Әлиевтің анасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұралы Әлиевтің әжесі Минавар Қадишқызы Әлиева қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Нұралы Әлиев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Бүгін сүйікті әжем Аника (Минавар Қадишқызы) мәңгілік мекенге кетті. Ол мен үшін ерекше жан еді – мен балалық шағымды оның қасында өткіздім. Сол кісінің жанында өстім. Әжем менің тәрбиеме зор ықпал етті, өмірімді ұмытылмас махаббат пен ақыл-кеңеске толтырды.

Ол мейірімнің, даналықтың және сұлулықтың үлгісі болды – біздің өміріміздегі шынайы жарық, оның қасынан әрдайым жылылық пен тыныштық сезілетін. Ол әрқашан жүрегімде өмір сүре бермек», - деп жазды Нұралы Әлиев.

Сондай-ақ, ол әжесімен екі күн бұрын түскен суретін жариялады.