Спорт

“5 миллион доллар”: туризм және спорт министрлігі Олимпиада жүлдегерлеріне сыйақыларын төледі

Олимпиада жүлдегерлеріне даудан кейін сыйақылары төленді

Туризм және спорт министрлігі Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен олардың бапкерлеріне сыйақыларын төледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengri Sportсайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Парижде (Франция) өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері жарыс аяқталғаннан кейін сегіз ай өтсе де сыйақыларын алмағаны хабарланған болатын.

Кейінірек Туризм және спорт министрлігі 25 сәуірде Парижде (Франция) өткен Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне жеңіп алған марапаттары үшін сыйақы төленгенін хабарлады.

Министрліктен 49 спортшыдан бөлек, сондай-ақ спортшылардың алғашқы, жеке және бас бапкерлеріне де төлемдер жүргізілгенін мәлімдеді.

"Қаулыға сәйкес, үкіметтік резервтен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қажетті қаражат бөлінді. Жалпы алғанда, 49 спортшы мен 63 бапкерге ақшалай сыйақы берілді. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 1-орыннан 6-орынға дейінгі спортшыларға келесі мөлшерде ақшалай төлемдер қарастырылған:

1-орын – 250 000 доллар;

2-орын – 150 000 доллар;

3-орын – 75 000 доллар;

4-орын – 30 000 доллар;

5-орын – 10 000 доллар;

6-орын – 5 000 доллар.

Сонымен қатар, спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына да сыйақылар қарастырылған. Қазіргі уақытта төлем бойынша барлық міндеттемелер орындалды", – деп жауап берді министрлік.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстан спортшыларға келесі мөлшерде төлем жасаған:

2024 жылғы Олимпиада жүлдегерлері:

Елдос Сметов (алтын) – 250 мың доллар

Нариман Құрбанов (күміс) – 150 мың доллар

Демеу Жадыраев (күміс) – 150 мың доллар

Нұрбек Оралбай (күміс) – 150 мың доллар

Александра Ле (қола) – 75 мың доллар

Ислам Сатпаев (қола) – 75 мың доллар

Назым Қызайбай (қола) – 75 мың доллар

Гусман Қырғызбаев (қола) – 75 мың доллар

Милад Карими (5-орын) – 10 мың доллар

Әбиба Әбужақынова (5-орын) – 10 мың доллар

Амир Маймұратов (5-орын) – 10 мың доллар

Айбек Оралбай (5-орын) – 10 мың доллар

Мұхаммедсадыр Базарбайұлы (5-орын) – 10 мың доллар

Сәкен Бибосынов (5-орын) – 10 мың доллар

Александра Ле (6-орын) – 5 мың доллар

Руслан Құрбанов (6-орын) – 5 мың доллар

Эльмир Алимжанов (6-орын) – 5 мың доллар

Вадим Шарлаимов (6-орын) – 5 мың доллар

Ерлік Сертай (6-орын) – 5 мың доллар

Ойындардың нәтижесі бойынша Қазақстан спортшыларына барлығы 1 миллион 85 мың доллар төленген.

2024 жылғы Паралимпиада жүлдегерлері:

Давид Дегтярев (алтын) – 250 мың доллар

Ақмарал Науатбек (алтын) – 250 мың доллар

Еркін Ғаббасов (күміс) – 150 мың доллар

Нұрдәулет Жұмағали (күміс) – 150 мың доллар

Ерғали Шәмей (күміс) – 150 мың доллар

Дастан Мұқашбеков (қола) – 75 мың доллар

Даяна Федосова (қола) – 75 мың доллар

Зарина Раифова (қола) – 75 мың доллар

Жұрқамырза Шүкірбеков (қола) – 75 мың доллар

Раушан Қойшыбаева (4-орын) – 30 мың доллар

Камиля Досмағұлова (5-орын) – 10 мың доллар

Нышан Өмірали (5-орын) – 10 мың доллар

Нұрлан Домбаев (5-орын) – 10 мың доллар

Гүлбақыт Қайыржанова (5-орын) – 10 мың доллар

Аяла Мереке (5-орын) – 10 мың доллар

Рахметжан Хамаев (6-орын) – 5 мың доллар

Тұрсынай Қабыл (6-орын) – 5 мың доллар

Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан спортшыларына 1 миллион 460 мың доллар төленді.

Олимпиада мен Паралимпиада бойынша жалпы сома: барлық жүлделі орындар мен медальдер үшін спортшыларға 2 миллион 545 мың доллар төленді. Спортшылардың бапкерлері де дәл сондай сомада төлем алатын болғандықтан, мемлекет бюджетінен жалпы 5 миллион 90 мың доллар бөлінген.