Мәдениет

Димаш Құдайбергеннің қарындасының кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

Әншінің қарындасы тұрмысқа шыққалы жатыр

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің сүйіктісі кім екені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осыған дейін желіде «күйеу жігіттің» суреті тараған еді. Алайда ол емес, басқа болып шықты. Раушан Құдайбергеннің сүйіктісі – Астана қаласының Музыкалық жас көрермен театрының актері, әнші Ермахан Аймахан.

Раушан желідегі парақшасында сырға салу рәсімінен түсірілген видео жариялады.

Көпшілік Раушан Құдайбергенге бақыт тілеп, өздерінің ақ тілектерін жаудырды.