Басты жаңалықтар

Алматыда экс-полицей әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

Ер адам қылмыстан соң өз-өзіне қол жұм саған

Алматыда экс-полицей әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға тұрғын үйлердің бірінде болған. Ерлі-зайыпты азаматтық некеде тұрған.

Экс-полицей жанжал кезінде әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстан кейін күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол мойны мен іш тұсынан пышақпен жарақаттаған.

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем тобы жетті. Ер адам қылмыс орнында ұсталып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қазір ол қатаң күзетпен жатыр, дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға тырысуда.

Күдіктінің бұған дейін Алматы облысы полиция департаментінде қызмет еткені, алайда теріс себептермен жұмыстан шығарылғаны хабарланды.