"Миллиондап салды":Ел сенген Ілияс Сариев лудоман болып шықты
Сариев халықтан қайырымдылыққа деп алған ақшалардың көп бөлігін басқа мақсатта пайдаланды деген күдік бар.
Журналист Руслан Өтепбайға «Елге көмек бер» қайырымдылық қорынын Ілияс Сариевпен бірігіп ашқан Ақтоты Дүйсеева сұхбат берді. Ол сұхбат барысында Ілиястың құмар ойындарына миллиондап ақша тіккенін жасырмады.
«Жуырда ғана оның артық қылықтарын байқадық. Құмар ойындарына қаражат тігеді екен. Өз көзіммен көрдім. Миллиондап салған. Негізі 2014-2015 жылдары ойын ойнағанын білемін. Кейін «қойып кеттім» деген. Қайта қашан бастағанын білмеймін. Алған ақшасын орнына қоя алмай қалғаны сол үшін шығар», - дейді Ілиястың серіктесі.
Ақтоты Дүйсеева Ілияс Сариевтың 2018 жылы сөз салғанын айтты. Ол Ілиястың өз отбасы барын білмепті. Әрі Ақтоты Дүйсеева Ілиястың мұқтаждарға берілген 10 үйді сатып жібергенін білмейтінін айтты. Алайда Руслан Өтепбай 10 үйді сатып алған адаммен хабарласқанда үйдің иесі 10 үйді Ақтоты Дүйсееваға сатқанын айтты.
Нәтижесінде Ақтоты Дүйсееваның үстінен де қылмыстық іс қозғалды.