Басты жаңалықтар

«Шерзатқа соққы жасағанын көрдім»: куәгер жасөспірімге пышақ сұққан кім екенін айтты

Шерзат Полат өліміне қатысты сотта куәгер жасөспірімге пышақ сұққан адамды көргенін мәлімдеді

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында куәгер Наргиза Низамединова төбелес кезінде жасөспірімге кімнің пышақ сұққанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әйел ұйықтап жатып түнде «балам» деп айғайлаған дауыстан оянып кеткен. Наргиза Низамединова сотта жетінші куәгер болып жауап берді.

«Балконнан қарағанда Шерзаттың артынан Нұрғанаттың жүгіріп бара жатқанын көрдім. Сол кезде бір жігіттің «Ат! Ат!» деп айқайлаған даусын естідім. Сол сәтте Шерзаттың анасы баласына қарай жүгірді. Бірнеше жігіт Шерзат жаққа барып оны жабыла ұрғанын көрдім. Қызыл кепка киген, арықтау жігіттің пышақпен бірнеше рет Шерзатқа соққы жасағанын көрдім», — деді Низамединова.