Шерзат Полат өлімі: сот отырысында Ғайыпбаевтың өзін және інісін кімнің пышақтағанын айтқан видеосы көрсетілді
Ғайыпбаев тергеу барысында Шерзат Полат пен өзіне пышақ салғандарды айтқан
Талдықорған қаласында өтіп жатқан сот отырысында марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың інісі Шерзат Полатқа кімнің пышақ сұққанынын айтқан видеосы көрсетілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада Ғайыпбаев інісін және өзін пышақтаған адамды фотосуреттерден көрсетеді.
«Інімді пышақтаған адамды түрінен таныдым» – дейді Ғайыпбаев
Тергеушілер фотосуреттер көрсетіп, нақты кімнің пышақтағанын сұраған.
«Түрін көрсем, айта аламын» деп жауап беріп, фотодан өзінің інісін пышақтаған адамды танығанын растайды.
Тергеушілер «Пышақтаған Нұрқияс па?» деген сұрақ қойған кезде, Ғайыпбаев бұл сәтте есінен танып қалғанын айтқан.
«Мен соңғысын білмеймін. «Отключкада» болдым. Інімді пышақтап жатқанда, үстіне жатып алдым» – дейді ол.
Сот процесінде көрсетілген видеода Ғайыпбаевқа бірнеше фотосурет көрсетіліп, ол өзін пышақтаған күдіктіні де бірден танығаны анық көрсетіледі.