Қоғам

«Екі көзі зағип 5 айлық қызға сбор ашады»: журналист Ілияс Сариевке қатысты тың дерек жариялады

Ілияс Сариев зағип қыздың еміне деп ақша жинаған

Жақында алаяқтығы үшін қамалған «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариевке қатысты тың мәлімет пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында жариялады.

“Екі көзі зағип 5 айлық қызға Ілияс 2024 жылы сбор ашады. Мақсаты халықтан 15 миллион теңге жинап, науқасты ота жасау үшін Түркияға жіберу.  Ілияс ата-анаға «ақша жиналды, Түркияға бара беріңіздер»,-дейді. Алайда Сариев мұқтаж отбасының қолына қаражат бермейді. Десе де Раушан ханым немересін алып, Түркияға өз ақшасына аттанады.  Тек бесінші күні ғана блогер 3 миллион теңге аударып жібереді. Толық сомманы төлей алмаған соң, Раушан ханым ақыр соңында немересіне қажетті ем ала алмай елге қайтқан”,- дейді тележурналист.

Руслан Өтепбай бұл деректерді тергеу кезінде ақиқат бұрмаланбай, күдіктілер тиісті жазасын заң алдында алуы тиіс екенін жазып, бөлісіп отырғанын айтты.